Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мектеп сөмкесіне қатысты ата-аналарға үндеу жасап, оқушыларға арналған сөмкелерді қалай дұрыс таңдау керектігін айтты. Нормаға сәйкес салмақ: 1–3 сыныпқа — 2 келіге дейін, 4–5 сынып — екі жарым келіге дейін, 6–7 сынып оқушылары үшін үш жарым, 8–11 сыныптағыларға — төрт жарым келіге дейін салмақта болу керек. Мамандар сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс екенін ескертті. Сондай-ақ, мамандар кең әрі жұмсақ төсемді белдіктері бар, арқасы ортопедиялық болып келетін сөмкелерді таңдауға кеңес береді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04