Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында ұзындығы 3500 шақырым болатын суару арналары автоматтандырылып жатыр. Су және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қызылорда облысында өткен жылдан бері жалпы ұзындығы 232 км болатын 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнатылған. Соның нәтижесінде гидро посттарды реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Ал 2025-2027 жылдарға Түркістан облысында 91, Жамбыл облысында 78 арнаны автоматтандыру жоспарланып отыр. Жоба аясында су ресурстарын жоспарлау, пайдалану және басқаруға мүмкіндігі беретін арнайы бағдарламалық шешім қарастырылған. Бұл жүйенің арқасында процесті қашықтан басқаруға және судың таралуын нақты бақылауға болады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10