Қаңтардан бастап кәсіпкерлер тауарларын онлайн жүйеге енгізуі тиіс
Қаңтардан бастап кәсіпкерлер өздері саудалап отырған әр тауардың атауын онлайн жүйеге енгізуге міндетті болады. Қаржы министрлігі Ұлттық тауарлар каталогын енгізбек. Бұрын бизнес иелерінің салық органдарына тапсыратын есептерінде тауардың саны мен бағасы ғана көрсетілетін. Бұдан былай атауымен қоса, зауыттан шыққан мерзімі, толық сипаттамасы жазылуы керек. Осылайша Үкімет әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен дәрі-дәрмектің қымбат бағада сатылмауын қадағалап отырады. Әрі тыйым салынған тауарлардың саудасын бірден әшкерелейді. Бірақ жаңа жүйе енгізілгеннен кейін кәсіпкерлердің жұмысы қиындап кетпей ме?
Наурызхан Молдабай, «Электронды қаржы орталығы» АҚ департамент директоры:
Қазіргі жасап тұрған жұмысты тоқтатпау үшін, олардың процестерін қиындатпау үшін біз оның бәрін алдын ала қарастырдық. Олар жүйеге қосылғанда бұл үшін арнайы адам жалдаудың қажеті жоқ. Біз өзіміз деректерді интеграция жүйесімен береміз. Содан кейін Ұлттық тауарлар каталогына сіздің арнайы өзіңіздің тауарыңыздың бірыңғай коды пайда болады.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04