Атырауда құрылысшылар күні қарсаңында үздіктер марапатталды
Алдағы жексенбі – құрылысшылар күні. Кәсіби мереке қарсаңында Атырауда құрылыс саласының үздіктері марапатталды. Сәулеті келіскен зәулім ғимараттар тұрғызып, ел дамуына үлес қосып жүрген маман иелері әрдайым құрметке лайық. Еңбегімен еленген жандар қазақ драма театрында бас қосты. Оларға Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың, облыс әкімінің және мәслихаттың алғыс хаттары табысталды.
Кәрім Салықбаев, құрылысшы:
Құрылыстың қиындығы да көп, қызығы одан да мол. Жер бетіндегі әрбір ғимаратта құрылысшының қолтаңбасы бар. Сол еңбектің бір ұшы менің де қолымнан өтетінін мақтан етемін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10