«Таза Қазақстан»: Атырау облысы Мақат ауданының тұрғындары бір күнге көліктен бас тартты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Атырау облысы Мақат ауданының тұрғындары бір күнге көліктен бас тартты. Олар жұмысқа велосипедпен және жаяу қатынады. Бастама көліктен ауаға бөлінетін улы газдарды азайтуға бағытталған. Жалпы ауданда әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылады. Бұған жыл басынан бері 3 мыңнан астам тұрғын мен 27 техника жұмылдырылып, 1300 тонна қоқыс шығарылған. Ал бүгін Мақат және Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округінде сенбілік өтіп, 20 тонна қоқыс жиналды.
Әйгерім Хангереева, Мақат кентінің тұрғыны:
Отбасымызбен көліктердің арасында осы велосипедті таңдаймыз. Өйткені экологияға ешқандай зиянын тигізбейді. Денсаулыққа пайдасы мол. Ешқандай бір суға, бензинге тәуелділігі жоқ.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10