Түркістан облысында 414 миллион текше метр су заңсыз пайдаланылған
Түркістан облысында суды заңсыз пайдаланған 20-дан астам құқық бұзушы тіркелді.
Арнайы мобильді топ жүргізген тексеріс кезінде Шардара су қоймасынан ұзындығы 4 шақырымға жуықтайтын қолдан қазылған арық табылды. Сондай-ақ Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарынан да осындай заңсыздықтар анықталып, 414 миллион текше метрге жуық су рұқсатсыз алынғаны белгілі болды. Құқық бұзушылар тракторлар мен жүк көліктерінің қозғалтқыштарын қолданып, сағатына 480 текше метрге дейін су тартып отырған. Аталған деректер «Арал – Сырдария» бассейндік инспекциясына жолданып, құқық бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылды.
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04