Қостанайда жүргізуші куәлігінсіз автобус тізгіндеген ер адам ұсталды
Қостанайда автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті куәліксіз тізгіндеген. Оны «Қорғау» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі анықтады. Құқық қорғау органдары бұл заңды өрескел бұзу екенін және оның салдары ауыр болатынын ескертеді. «Қорғау» сынды бақылау жүйелері осындай жағдайларды тиімді анықтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Осы уақытқа дейін жүйе 232 әкімшілік заңбұзушылықты анықтаған.
Бауыржан Қасымқан, Қостанай облысының ПД баспасөз хатшысы:
Ер адам бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда соған қарамастан қоғамдық көлікті жүргізуді жалғастыра берген. Мұндай әрекет жолаушылар мен жол қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус эвакуацияланып, арнайы тұраққа қойылды.
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04