Биыл елімізде 4 жаңа су қоймасы салынады
Үкімет Президенттің су шаруашылығын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша ірі жобаларды қолға алған. Республикалық бюджет пен халықаралық қаржы ұйымдары есебінен барлығы 98 жоба жүзеге асырылмақ. Биыл 4 жаңа су қоймасы салынып, қолданыстағы төртеуі қайта жөнделеді. 6 облыс аумағында цифрландыру элементтерін қолдана отырып, 115 каналды реконструкциялау қарастырылған. 423 мың тұрғыны бар 153 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Биылдың өзінде 150 мың гектар суармалы алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізіледі.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04