Сарапшы: АҚШ енгізген 25 пайыз баж салығы Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан тауарларына енгізген 25% баж салығы еліміздің экономикасына айтарлықтай әсер етпейді. Экономистер осылай дейді. Өйткені АҚШ-қа экспортталатын негізгі тауарлар мұнай, уран, күміс және ферроқорытпалар — бұл тарифтен босатылған. Демек баж салығы Қазақстан экспортының 5%-ына, яғни 100 млн долларға ғана әсер етеді. Десе де, екі ел арасындағы сауда-саттық төмендеуі мүмкін.
Ерлан Кәрімов, экономист:
Ол Қазақстан экономикасына кері әсер етеді деп айта алмаймын. Керісінше, бұл Американың өзіне қайшы келеді. Өйткені Қазақстанның шекарасын қарайтын болсақ, бір жағынан Ресей, екінші жағынан Қытай – Қазақстанның ең негізгі сауда серіктестері. Яғни, осы елдердің Қазақстанға ықпалы өседі деген сөз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04