Ресей «Талибан» билігін ресми түрде мойындады
Ресей Ауғанстандағы «Талибан» билігін ресми түрде мойындады. Осылайша Кремль Ауғанстан Ислам Әмірлігін мемлекет ретінде танып отыр. Әзірге әлемде мұндай қадамға ешбір ел барған жоқ.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Мәскеуде тәліптер елшісі қабылданып, оған сенім грамотасы тапсырылған.
Еске салайық, «Талибан» қозғалысы ауған үкіметін 2021 жылы америкалық әскер бұл елден бей-берекет кеткеннен кейін басып алған еді. Содан бері Қытай, Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Пәкістан Кабулде өз елшілерін тағайындап, Ауғанстанның жаңа билігін мойындауға алғашқы қадам жасаған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04