Дубайда 2026 жылы әуе таксиі қатынай бастайды
Дубай жолаушылары кептелісті айналып өтетін жаңа жол табуға жақын. Ол – әуе таксиі. Толық электр қуатымен ұшатын бұл көлік жақында алғаш рет сынақтан өтті. Оны адам тасымалдауға әзірлеп жатқан «Джоби» компаниясының мәліметінше, авиатранспорт Дубайдың халықаралық әуежайынан «Пальма Джумейра» аралына небары 12 минутта жетеді екен. Ал бұл қашықтықты жай автомашинамен жүріп өту үшін 45 минут қажет екен.
Калифорнияда жасалған әуе таксиі 2026 жылы іске қосылуға тиіс. Ол орнынан тік көтеріліп, сағатына 320 шақырым жылдамдықпен тоқтамай 160 шақырым ұша алады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04