Спортқа бөлінген 17 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Спортқа бөлінген 17 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған. Жоғары аудиторлық палата бүгін біраз былықтың бетін ашты. Үкімет осы уақытқа дейін спортты дамытуға арналған 4 мемлекеттік бағдарлама мен 1 кешенді жоспарға қаржы құйғанымен, оның көбі қағаз жүзінде қалған. Мәселен, 2020 жылғы тұжырымдамада белгіленген міндеттердің көбі орындалмай, 2029 жылға қалып отыр. Әуелде Олимпиада спортшыларының дайындығына қарастырылған қаржы да талан-таражға салынған. Айталық, кейінгі 4 жылда Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлеріне тек сыйақы ретінде 3 жарым миллиард теңге берілген. Бұл бір ғана мысал. Тексеріс кезінде осындай 56 жағдай анықталған.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04