Астанада «Заңды күлкі» жайдарман ойыны өткізілді
Күлдіре отырып, күрделі тақырыптарды түсіндірді. «Заң мен тәртіп» апталығы аясында елордада қаржылық сауат тақырыбында «Заңды күлкі» жайдарман ойыны өтті. Шара қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Креативті тәсіл маңызды мәселені кең аудиторияға түсінікті әрі тартымды етіп жеткізуге мүмкіндік берді. Интернет-алаяқтық, киберқауіпсіздік сынды ұғымдар сахнада әзіл, ирония және сарказм арқылы өріліп, көрерменге жеңіл жеткізілді. Бұл тек көңілді кеш емес, сонымен қатар саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған ерекше бастама, дейді жауаптылар.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Қазір жастар үшін танымал алаңдардың бірі, ютуб алаңдардың бірі. Яғни, кемінде 200-300 мың қаралым жинайды. Біздің мақсат - күрделі, көпшілікке таңсық тақырыптарды жеңіл, әзілдің көмегімен жеткізе білу. Өйткені әзілдің өзі құрал ғой. Оны барынша пайдалы және тиімді пайдалана білуіміз керек.
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04