Түркістан облысындағы демалыс аймағы қоқыстан тазартылды
Түркістан облысының Төле би ауданына демалуға барғандар қоқыс шашып, табиғатқа зиян келтірген. Осылайша ауданның көрікті жерлері қоқыс алаңына айналып барады. Табиғат жанашырлары мен аудан тұрғындары ауданның Біркөлік, Қасқасу сияқты демалыс аймақтарында «Таза Қазақстан» акциясын өткізіп, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ауқымды шараға аудан орталығы мен ауыл әкімдіктерінен 130-ға тарта адам қатысты. Олар Сайрамсу мен Қасқасу өзендерінің бойында 6,5 шақырымдай жерден пластик бөтелкелер мен шыны сияқты қалдықтарды жинап, демалушылар ластап кеткен орындарды ретке келтірді. Сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдың 12 шақырымынан қоқыс жиналды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04