Жетісу облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Игі шараға мемлекеттік қызметкерлер, белсенділер мен тұрғындарды қоса алғанда жалпы саны 50-ден аса адам қатысқан. Олар Көксу ауданына қарасты 5 елді мекенде тазалық жұмыстарын жүргізіп, 20 тоннадан аса қоқыс шығарды. Жетісу облысында жыл басынан бері «Таза бейсенбі» экоакциясы 26 рет өткізілген. Ол тек қоршаған ортаны қоқыстан тазарту емес, қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.
Мәлік Бейсенов, Көксу аудандық «Amanat» партиясы филиалының төрағасы:
Енді қай жерде болмасын адамзат болған соң өзінің тазалығын ойлайды ғой. Үйде де түзде де. Тазалық болмаса, ол жерде ешқандай жұмыс та болмайды, тәртіп те болмайды. Сол себепті бұл шаруаны біз бүгінге дейін жалғастырып келеміз.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04