Павлодар облысында «Таза Қазақстан» шарасына қатысушылар көбейіп келеді
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Павлодар облысының Ақтоғай ауданында «Таза мекен – 2025» атты шара өтті. Оған «Жасыл ел» жасағы мен еріктілер қатысты.
Айта өтейік, соңғы уақытта ауданда «Жасыл ел» ұйымына кіріп, еңбекке араласуға ниетті жастар саны артқан. Қазірдің өзінде 50 сарбаз күн құрғатпай тазалық жұмыстарымен айналысады. Ал еріктілер саны былтыр 150 болса, биыл 250-ге жетті. Тазалық жұмыстары әр апта сайын барлық елді мекендерде өткізіліп отыр.
Назарбай Займолда, «Жас қанат» жастар ресурстық орталығының директоры:
Жұма сайын сенбіліктер болады, ұйымдармен бірлескен, еріктілермен бірлескен шараларымыз бар. Соның барлығын есептей келе, 18000 мың тонна қоқыс шығарылған Ақтоғай ауданы бойынша. Бүгінгі күнгі шарамызға белсенді қатысып жатыр, міне, өздеріңіз көріп отырсыздар.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04