«Келешек мектептері» жобасы: Биыл 112 мектеп салынады
Алдағы оқу жылында елімізде 200-ден астам мектеп салынады. Онда 300 мыңнан астам оқушы оқиды. Оның ішінде 112 білім ұясы «Келешек мектептері» жобасы аясында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады. Бұл жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, 15 апатты мектеп пен үш ауысымды оқудың мәселесін шешуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, қосымша ауылдардағы мың білім ұясына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынады, делінген хабарламада.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04