Ресейде картоп бағасы 3 есеге қымбаттаған
Ресейде картоп бағасы былтырдан бері 3 есеге өсіп, оның келісінің құны 120 рубльге жеткен. Экономистердің ойынша, бұған өткен жылы ауа райының қолайсыздығынан өнімнің аз алынуы себепші. Бұған қоса техника мен жанар-жағармай, тыңайтқыштар мен жұмыс күші қымбаттап, несие пайызының жоғарлауы да картопты молырақ өсіруге бөгет болған. Дегенмен Ресей Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Луттың болжамынша, «шілде айынан бастап баға төмендеп, тұрақталуы керек».
Айта кетсек, бұл проблеманы еңсеру үшін импортты арттыруға тура келді. Ресей былтыр Мысырдан картоп жеткізуді 3 есеге көбейткен. Ал Беларусь өз қорының таусылғанын мәлімдеп, одақтасын картоппен қамтамасыз ете алмай отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04