Биыл құны шамамен 1,5 триллион теңге болатын 200-ге жуық индустриялық жобаны іске қосу көзделіп отыр
Биыл құны шамамен 1,5 триллион теңге болатын 200-ге жуық индустриялық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл – 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгін Үкімет отырысында отандық өнімді қолдау және дамыту мәселелері қаралмақ.
Нұрсұлтан Тілектес – тілші:
Үкімет отырысы басталып жатыр. Күн тәртібіндегі басты мәселе – отандық өндірісті дамыту мен қолдау шараларын іске асыру. Өнеркәсіп саласындағы бизнесті ынталандыру үшін мемлекет 800 миллиард теңге бөлуді қарастырып отыр деген ақпарат бар.
Жалпы, биыл құны шамамен 1,5 триллион теңге болатын 190 индустриялық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі отырыстан кейін баспасөз конференциясы өтеді. Оған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, сондай-ақ Қаржы вице-министрі қатысады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04