Алматыда ұн зауытындағы жарылыстан бір адам қайтыс болды
Ұн өндіретін зауытта жарылыс болып, зардап шеккен төрт адамның біреуі қайтыс болды.
Марқұм болған азаматтың жасы елуде. Ол зауытта 10 жылға жуық жұмыс істеген. Қалған үш адамның біреуі 95 пайыз, екеуі 80 пайыз күйген. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр, - дейді дәрігерлер. Ал төтенше жағдайлар Департаментінің мамандары астық қалдықтарының шаң-тозаңы жаралысқа себеп болуы мүмкін деп отыр. Еске сала кетейік, 23 мамыр күні таңертең сағат он жарымдар шамасында Алматы облысы Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында жарылыс болды. Өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10