Атырауда мұнай компаниясына 900 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Атырауда мұнай компаниясына 900 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Жылыой ауданындағы «Қырықмылтық» кен орнынан мұнай өндіріп жатқан «ANACО» компаниясы ауаға ілеспе газды заңсыз шығарған. Экология департаменті тексеру нәтижесінде зиянды қалдықтардың таралуы белгіленген нормадан асып кеткенін анықтады. Мұнай компаниясы экологтардың шешімімен келіспей, қалалық сотқа, кейін облыстық сотқа шағымданған. Алайда облыстық сот департаменттің талабын заңды деп танып үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ардақ Оралова, облыстық Экология департаментінің бас маманы:
АНАКО мекемесіне ҚР ӘҚК 328 бабының 1-бөлігінде көзделген заң бұзушылық іс қозғалып, әкімшілік айыппұл салынды. 897 240 322 теңге сомасында. Қазіргі таңда осы айыппұл өндіру сатысында.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10