«Таза бейсенбі»: 6 тоннадан аса қоқыс жиналды
«Таза бейсенбі» акциясы аясында Қонаев қаласындағы төртінші саяжайдан 6 тоннадан аса қоқыс жиналды. 50-ге жуық адам қатысқан шарада тұрмыстық қалдықтар, пластик бөтелкелер, тұрмыстық техника мен жарамсыз құрылыс материалдары шығарылды. Экологиялық шараны «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған. Партия мүшелерінің сөзінше, мұндай акция тұрғындарды тазалыққа шақыру емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін керек. Жыл басынан бері 2 мың адам осындай тазалық акциясына қатысып, 150 тоннадан аса қоқыс шығарылған.
Аслан Көбентаев, «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Бұл акцияны біз биылдыққа 17-ші мәрте өткізудеміз. Яғни, біздің жоспарға сәйкес, әр аптаның бейсенбі күні тазалық акциялары ұйымдастырылып тұрады. Негізгі мақсатымыз – халық арасында, жалпы тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеміз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10