Қазақстан экономикасы 4 айда 6%-ға өсті
Биылғы төрт айда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында ЖІӨ өсімі 6 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экономиканың негізгі салалары көлік, құрылыс, сауда, байланыс және ауыл шаруашылығында өсім байқалды. Нақтырақ айтсақ, көлік саласында темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау қызметтері ұлғайды. Ал құрылыс саласында жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құраса, сауда саласы 7%-ға өсіп, көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері жоғарылады. Түркістан, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласы сатудан көш бастап тұр. Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4% жетіп, тау-кен секторы мен өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының да көрсеткіші жаман емес. Өсім 3,9%.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04