Ядролық мемлекеттер арасындағы қақтығыстан ондаған адам қаза тапты
Үндістанның Пәкістан мен пәкістандық Кашмирге жасаған зымырандық шабуылдарынан қаза тапқандар саны 31-ге жетті. Тағы 57-сі жараланған. Көп кешікпей Исламабад да көрші елге оқ жаудырды. Одан Үндістанда 15 тұрғын мерт болған. Сонымен қатар, Пәкістан үндістандық Кашмирде үнді армиясының бес ұшағын құлатқанын хабарлады. Алайда, Нью-Дели бұл ақпаратты растамай отыр.
Екі жақ арасындағы шиеленістің ушығуына өткен айда үндістандық туристердің шабуылға ұшырап, қаза табуы себепші. Сол қантөгіс үшін Үндістан Пәкістанды айыптады. Ал қарсы жақ өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04