Qazaq Air компаниясын вьетнамдар дамытпақ
Qazaq Air және вьетнамдық Vietjet компаниялары бірігіп, жаңа әуе компаниясын құрады. Бұл туралы Вьетнам басшысының Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде белгілі болды. Vietjet Qazaqstan деп аталатын жаңа ұйым 20-дан астам Boeing 737 ұшағын рейстерге қоспақ. Сондай-ақ инвесторлар елдегі бір әуежайды сатып алуы мүмкін.
Жалпы, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Ламның кездесуі кезінде сауда, көлік логистика, туризм және басқа да салалардағы ынтымақты тереңдету тетіктері талқыланды. Қазір Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнаған. Ал әуе қатынастарының саны 40-тан асты.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04