Петропавлда су деңгейі төмендей бастады
Петропавлда бір тәулікте Есіл өзенінің деңгейі 3 сантиметрге түсті. Дегенмен тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Әлсін-әлсін жауған қарлы жаңбыр мен қатты жел жағдайды қиындатып тұр. Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Күн күркіреп, қалың тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктер болжамынша, кей аудандарда желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Қызылжар ауданының Тепличеное, Прибрежное, Большая Малышка, Ольшанка, Долматово ауылдарында бөгеттер әлі де нығайтылып жатыр. 200-ге тарта адам эвакуацияланды. Тасқынға қарсы шараларға 1600-ден астам адам жұмылдырылған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04