Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының негізі
Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында елдегі этносаралық келісімді сақтау және нығайту басты назарда болды. Қатысушылар ұлттық бірлікті көздің қарашығындай сақтау қажеттігін атап өтіп, бұл бағыттағы заңнамалық тетіктердің маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ассамблея жастарының қоғамдық белсенділігі жоғары бағаланып, олардың қайырымдылық жобалар арқылы ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері достық қауымдастығының төрағасы:
Біз 30 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырдық. Шүкір қылсақ болады. Енді осыны ыдыратпау керек. Ыдыратпау үшін ұлтаралық қарым-қатынасқа сызат түсірмеу керек. Сызат түсіретіндерге заң аясында қолданылады деді.
Дулат Мақатов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан өкілдігінің төрағасы:
Ассамблея жастары былтыр ең белсенді саяси ұйым деп танылған болатын. Бұған куә біздер «Қайырымдылық керуені», «Мектепке жол» қайырымдылық шараларын өткізудеміз. Өздеріңіз білесіздер былтыр Батыс Қазақстан облысы суға кетіп, бірталай қиындық болған. Сол кезде Ассамблея жастары 260 млн қаражатқа көмек көрсеткен болатын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04