Италияда аспалы кабина құлап, 4 адам қаза тапты
Италияның Неаполь қаласы маңында аспалы вагон жерге құлап, 4 адам қаза тапты. Біреуі ауыр жараланған. Мұны таудағы құтқару қызметі хабарлап отыр. 16 адам құтқарылған. Оқиға Неапольдан 45 шақырым жердегі Монте-Фаито шыңында болды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, вагон бекітілген арқанның біреуі үзіліп кеткен. Ал құтқарылғандарды жерге түсіру операциясына тұман мен ұйытқыған жел кедергі жасаған. Айта кетсек, 2021 жылы Италияда дәл осыған ұқсас апаттан 14 адам мерт болған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04