Израиль Газадағы соңғы аурухананы қиратты
Газа қаласында Израиль әуе күштерінің соққысынан толық жұмыс істеп тұрған жалғыз госпиталь қирады. Авиациялық шабуылдан баптистердің «әл-Ахли» ауруханасының интенсивтік терапия және хирургия бөлімдерінің тас-талқаны шыққан. Соққыдан кейін емделіп жатқан науқастар мен ондағы қызметкерлер жан-жаққа қашты.
Израиль армиясының мәлімдеуінше, госпитальде «Хамастың» командалық орталығы орналасқан. Сондықтан оны ракетамен атқылауға тура келді деді. Эвакуация кезінде жаралы бір бала қайтыс болды. «Хамас» болса, Израильдің бұл әрекетін қатаң айыптап, мұны қылмысқа теңеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04