Дональд Трамп: Ресей нақты әрекетке көшуі керек
АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф Санк-Петербургте Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер 4 сағаттан астам уақытқа созылған.
Кремль хабарлағандай, тараптар Украинадағы соғысты тоқтатудың аспектілеріне баса назар аударды. Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевтің мәлімдеуінше, келіссөздер «нәтижелі» аяқталған. Айта кетсек, Уиткофф Ресей басшысымен үшінші рет жүздесіп отыр.
Осы кездесу қарсаңында Трамп мәлімдеме жасап, Украина жөніндегі келіссөздер бойынша Мәскеуді нақты әрекетке көшуге шақырды. Сонымен қатар, Америка лидері Украина бойынша бітім жасалмауына Кремльдің кінәлі екенін сезсе, Ресей мұнайын сатып алушы елдерге санкция жариялайтынын ескертіп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04