Әлімханұлы VS Нгамиссенге: Нысанада - нокаут
Тұтас ел Жәнібек Әлімханұлының титулды жекпе-жегін асыға күтіп жүр. 5 сәуірде жерлесіміз белбеулерін франциялық боксшыдан қорғайды. Жалпы, Жәнібек жекпе-жектерінің алдында көрермендердің қызығушылығын қыздырып, мәлімдеме жасайтыны бар еді. Көбіне қарсыласты нокаутқа жіберемін деп уәде береді және сол сөзінде тұратын. Себебі боксшымыз осыған дейін он қарсыласын сұлатқан. Оның ең жылдам нокауттарының бірі 2016 жылы тіркелді. Жәнібек алғашқы раундта колумбиялық Милтон Нуньесті небәрі 2 минут 25 секундта нокаутқа жіберген еді. Алдағы жекпе-жекте де осындай әсерлі жеңіс тілейміз! Айта кетейік, кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары 5 сәуір күні тікелей эфирде көрсетеді.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04