Атырауда тасқынға қарсы жедел штаб отырысы өтті
Атырау облысында Жайық былтырғыдай тасымауы мүмкін. Ал Қызылқоға және Жылыой ауданында тасқынның жоғары қауіптілік сақталуда. Тасқынға қарсы дайындық мәселелері бойынша өткен жедел штаб отырысында мамандар осылай деп мәлімдеді. «Қазгидрометтегі» мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, Жайық өзені 430-490 сантиметрге дейін көтеріледі. Бұл өткен жылғы деңгейден 1 метрге аз. Су деңгейін бақылау мақсатында тағы қосымша 4 гидробекет салынып жатыр. Облыс әкімі бұл жұмыстарды жеделдетуді тапсырып, басқарма басшыларына қатаң тапсырма берді.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
Жайық бойынша үлкен қауіп бар деп ойламаймыз. Бірақ біз мұқият болуымыз керек. Екінші халықты құлақтандыру, уақытылы хабар беріп отыру мәселесін қолға алыңдар. Төтенше жағдайда жұмыс істеп отырмыз, сондықтан оның да сұрауы қатаң болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10