Абай облысындағы 22 учаскеде тасқын қаупі бар
Абай облысында қар күрт ерісе, 22 учаскеде қауіп бар. Сондықтан мамандар аталған аумақтарда күні-түні алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су тасуы мүмкін жерлер бақылауға алынған. Тасқынға дайындықты пысықтау үшін өңірдегі барлық қала мен ауданда «Көктем-2025» оқу-жаттығуы өтті. Семейде де азаматтық қорғаныс, селден қорғау мен төтенше жағдайлар қызметі 200-ге жуық арнайы техниканы таныстырды. Құтқарушылар, әскерилер мен еріктілер бірнеше топқа бөлініп, жедел әрекет ету бойынша жаттығу өткізді.
Азамат Орынбаев, Абай облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасары:
Жол өткелдері, арықтар және елдімекендерден қар шығару жұмыстары жүріп жатыр. Оған қосымша біз ТЖ департаментінің үш құрамын дайындап қойдық. Әрбір топта жиырмадан астам жеке құрам арнайы техникалар, қайықтар су тасқыны қаупі бар елдімекендерге ертерек жіберіледі.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10