Сарапшы: Авиация саласындағы әйелдердің мүмкіндігін кеңейту керек
Алматыда гендерлік теңдік, авиациядағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша семинар өтті. Әуе кемесін басқарып, биікті бағындырған ұшқыш қыз-келіншектер тәжірибесін бөлісті. Жалпы әлем бойынша әуе компанияларда ұшқыш әйелдердің үлесі шамамен 6 пайыз. Елімізде 1 500-ге жуық ұшқыштың 34-і қыз-келіншек. Авиация саласының техникалық құрамында қазір 400-ге жуық әйел жұмыс істейді. 2000-нан аса бортсерік бар. Десе де қауіпті саланы таңдайтын қыз-келіншектер саны жылдан жылға артып келеді дейді сала мамандары.
Ажар Несіпбаева, ұшқыш:
Ұшақ басқару оңай жұмыс емес. Десе де мен авиация саласын ерекше жақсы көремін. Жұмыстың ауырлығына қарамай, мамандығымды жүрегіммен таңдадым. Осы уақытқа дейін әуеде 1 600 сағаттан аса уақыт ұштым. Бәрі білім, тәжірибемен келді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04