ЕуроОдақ лидерлері бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Лондонда ЕуроОдақ елдерінің Украинаға арналған саммиті аяқталды. Делегаттар Украина армиясын қайта қаруландыруға және елге қару-жарақ тасымалын жалғастыруға келісті. Яғни Ұлыбритания Киевке қосымша 1,6 млрд доллар, әуе қорғанысына қажет 5 мың зымыран бермек. Бұған қоса Ұлыбритания мен Франция Украинадағы соғысты тоқтату жоспарын дайындап, оны АҚШ президенті Дональд Трампқа ұсынбақ. Бейбіт келісім жасалса, Еуропаның әскери контингенті Украинаға жіберіледі. Ал бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Киевке 100-деген млрд еуро көмек бөлетінін жариялаған еді. Бұл мәселелер Еуроодақтың Брюссельде наурыздың 6-да өтетін кезектен тыс саммитінде талқыланбақ.
Дональд Туск, Польша премьер-министрі:
Еуропа қорғанысқа көбірек жауапкершілік алып, қорғаныс индустриясын құру, Украинаға көмек көлемін арттыруы және НАТО аясында қорғанысқа шығындарды көбейтуі қажет екеніне барлығының көзі жетті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04