Жамбыл облысында сиырларды шекарадан асырмақ болғандар ұсталды
Жамбыл облысында тау баурайымен Қырғызстанға мал айдап өтпек болған 5 адам ұсталды. Олар шаруалардың несиеге алған асылтұқымды 123 бас сиырын шекара асырмақ болған.
Ірі қара малды алдына салып айдағандарды шекарашылар ұстады. Ақбас және ангус тұқымды сиырлардың барлығы ет бағыты үшін алынған. Соңғы жылдары Өзбекстан және Қырғызстанға ұрланған малды заңсыз өткізу дерегі тыйылмай тұр. Шекарашылар жыл басынан бері 1,3 мың сиырды иелеріне қайтарған. Ал контрабандамен айналысты деген күдікпен шекараны заңсыз кескен 10 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10