Астаналық оқушылар арасында квест ұйымдастырылды
Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп оқушылары арасында «Таза қозғалыс» квесті өтті. Мақсат – балалар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру. Шараны Сарайшық ауданы әкімдігі ұйымдастырған. Оған 30 бала қатысты. Төрт кезеңнен тұратын сайыста оқушылар әртүрлі интерактивті тапсырмалар орындап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылар қатысушыларға қоқыс тастаудың ғана емес оны сұрыптаудың да маңызды екенін айтты. Ал мұғалімдер болса, мұндай іс-шаралар жиірек өткізілсе дейді.
Гүлнар Әзірбаева, мұғалім:
Балаларға қызықты, керемет көңіл-күймен қатысып жатыр. Егер тереңірек ойлап қарасақ, бұл іс-шараның өзінде үлкен мән жатыр. Балалардың уақытын тиімді пайдалану, «Таза Қазақстан» акциясы балаларды тазалыққа, тәртіпке үйрету. «Тәрибе – тал бесіктен» деп айтамыз ғой. Тура сол сияқты бала ағаш секілді. Тал сияқты кішкентай өсіп келе жатқан. Қалай біз бұрамыз солай өседі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04