Волонтерлік – студенттік өмірдің ажырамас бөлігі
Волонтерлік мәдениетті нығайту және волонтерлік ұйымдарды қолдау тәжірибесін дамыту. Бүгін осы мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Тұран-Астана» университеті өткізген дөңгелек үстелде әңгіме өзегі болды. Жиында волонтерлікті студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне қалай айналдыруға болады, жастар арасында қандай жобалар сұранысқа ие және оларды қалай дамыту керек деген сұрақтар талқыланды.
Айта кетейік, елімізде 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді ерікті бар.
Нұрасыл Төлеутай, ерікті:
Дөңгелек үстелдің мақсаты - волонтерлік ұйымдардың маңыздылығын түсіндіру, қазіргі еріктілерге, жастарға үлгі көрсету. Сонымен қатар 21-ғасырда қандай еріктілер қозғалысы бар, оны әрі қарай қалай дамытуға болады, қандай жиындарды өткізуге болады, сонымен қатар жастар арасында ерікті жолы қандай маңызды рөл атқаратынын түсіндіру.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04