Путин Зеленскиймен сөйлесуге дайын
Ресей президенті Владимир Путин қажет болса, Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлесуге дайын. Мұны бүгін Кремль хабарлады. Айта кетсек, осыған дейін Зеленский Киевтің қатысуынсыз жасалған бейбіт келісімді мойындамайтынын ескерткен еді.
Соңғы мәліметке қарағанда, Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер Украинасыз басталды. Оны АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған делегация Сауд Арабиясының астанасы әр-Риядта жүргізіп жатыр. Тараптар 15 минут үзіліс жариялап, диалогқа бірер сағат бұрын қайта кіріскен. Дипломаттар Украинадағы жағдаймен бірге АҚШ-Ресей қатынастарын да талқылайды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04