Костенко шахтасындағы апатқа кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Костенко шахтасындағы апатқа кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 106 томдық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады. Тергеу кезінде өндірісте қауіпсіздік ережелері жаппай бұзылғаны анықталған. Бүгінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметтегі 10 адам қамауда отыр. 2023 жылы Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапты. 28 адам жарақат алған.
Сымбат Какенбаев, Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:
Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып, 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақат алды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10