Дубайда өтіп жатқан «SWAT Challenge-2025» халықаралық жарысының төртінші күні басталды
Өткен үш күннің қорытындысы бойынша Қазақстанның арнаулы мақсаттағы жасақтары үздіктер қатарына енді. Атап айтсақ, мемлекеттік күзет қызметінің командалары бұған дейін қоржынға қос алтын мен бір күміс жүлде салды. Жалпы көрсеткіш жағынан үздік үштікке енді. Сайысқа еліміздің атынан «Сардар А», «Сардар Б», «Сұңқар» және әйел-қыздардан жасақталған «Томирис» сынды 12 ұжым қатысып жатыр. Айта кету керек, сайыстың жалпы жүлде қоры 260 мың АҚШ доллары шамасында. Бұл қомақты қаражатты 80 елден келген 105 команда өзара сарапқа салады. Суот додасы 5 күнге жоспарланған еді. Яғни ертең соңғы кезеңде командалар сынға түседі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04