Бельгияда жаңа үкімет құрылды
Сайлаудан 240 күн өткенде Бельгияда жаңа үкімет құрылды. Былтыр маусымда өткен сайлауда жеңіске жеткен «Жаңа фламандтар альянсы» партиясының жетекшісі Барт Де Вевер мен үкіметтің 14 мүшесі король Филиппке ант берді. 8 айға созылған келіссөздерден кейін бес партия коалиция құрып, үкімет жасақталды. Атқарушы билік Премьер-министр Барт Де Вевер мен 14 министрден тұрады. Жаңа құрам 2029 жылға дейін бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырмақ. Мәселен, әлеуметтік төлемдерді қысқартып, мемлекеттің есебінен күн көруге машықтанған масылдармен күресті күшейтпек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10