Қытай, Канада, Мексика америкалық өнімдерге тариф жариялайды
Канада, Мексика, Қытай президент Дональд Трамптың шешіміне жауап ретінде америкалық тауарларға қарсы тариф әзірлеп жатқанын ескертті. Айта кетсек, сенбі күні Трамп Канада мен Мексикадан келетін импорттық өнімдерге 25 пайыз, қытайлық тауарларға 10 пайыз тариф жариялады.
Трамптың мәлімдеуінше, мұндай шешім осы елдерден Құрама Штаттарға барып жатқан есірткіні тоқтату үшін қабылданған. Алайда үш мемлекет өздеріне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.
Кейбір экономистердің ойынша, кедендік салықты күрт өсіру және оған жауап беру жаһандық сауда соғысының жаңа дәуірін бастап, тауарлар құнын шарықтатып жіберуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04