Еуропа Орталық банкі пайыздық мөлшерлемелерді төмендетті
Еуропа Орталық банкі ақша-несие саясатын жұмсартуды жалғастырды. Қаржы институты пайыздық мөлшерлемелерді базистік 25 пунктке төмендетті. Депозиттік мөлшерлеме 2,75 пайызға, негізгі ставка – 2,9, ал шекті несие мөлшерлемесі 3,15 пайызға азайған. Банк бұлайша жұмсарту саясатын өткен маусымнан бері бесінші мәрте жүргізіп отыр. Биыл тағы 2-3 мәрте қайталануы мүмкін. Еуропа Орталық банкі экономика өсімінің баяулауына алаңдайды. Ал инфляцияны әрі қарай төмендету үшін еңбекақының баяу өсімін құптады. Еуроаймақ экономикасы соңғы тоқсанда өнеркәсіптік рецессия мен әлсіз тұтыну салдарынан тұралап қалған еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04