Сұйытылған газ бағасы қымбаттайды
Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Осыған орай Энергетика министрлігі «Ашық» порталына бұйрық жобасын жариялағанын хабарлады. Құжатқа сәйкес 1 ақпаннан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газ бағасына шамалы түзету енгізу жоспарлануда. Мәселен, сұйытылған газ өндірісінің қазіргі құны тоннасына 65-тен 75 мың теңгеге дейін белгіленген. Ал өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 45 мың теңге шамасында сатылады. Бұйрық жобасына сәйкес енді сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі. Яғни бір тонна құны 6774 теңгеге қымбаттайды. Ал шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін көтеріледі.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04