Жаңа жылды жұмыста қарсы алатын жандардың бірі – металлургтер
Жаңа жылды жақындарымен емес жұмыста қарсы алатын жандардың бірі – металлургтер. Ауыр өндірісте аянбай еңбек етіп келе жатқан мамандардың жұмысы қауіпті әрі ел экономикасының әл-ауқатына тікелей байланысты. Сол себепті қандай да мереке болмасын, Домна пеші еш тоқтамауы керек.
Бұл мамандықты асқан жауапкершілікпен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Әскерхан Қабайұлы. Ол – төрт баланың әкесі. Алып комбинаттың жүрегіне айналған алпауыт пештердің үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді. Ал ондағы металл температурасы 1300-1400 градус. Сондықтан жұмыс істеу - қиынның қиыны. Сонда да еш аянбай еңбек етіп келе жатқан мамандық иелері құрметке лайық. Металлург – мәртебесі биік мамандық.
Әскерхан Қабайұлы, металлург:
Бізде бүгінгі ауысым жаңажылға түсті. Қандай жағдай болмасын, біз жұмыста болуымыз керек. Пешті тоқтатуға болмайды, жұмыс тоқтамауы керек. Өте маңызды жұмыс.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04