«Egemen Qazaqstan» газетіне 105 жыл
Ел газеті «Егеменге» 105 жыл. Осыған орай бүгін «Егеменнің» елдік жолы» тақырыбында мәдени-интеллектуалдық форум өтті. Жиналғандар мерзімді басылымдар арасындағы сабақтастық туралы пікір алмасып, жаңа заман баспасөзінің даму бағыты жайында өй өрбітті. Бүгінде газетте жалпы 90 адам жұмыс істейді.
Мерекеге орай басылымның бірқатар қызметкері марапатталды. Қазір ғасырлық тарихы бар республикалық басылымның бір күндік тиражы 80 мың, апталық тиражы 400 мың, интернет нұсқасының апталық қаралымы 300 мыңға жетті. «Егеменнің» интернеттегі оқырмандары АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сингапур, Қытай, Норвегия, Швеция, Түркия, Ирландия, Германия, Болгарияда, Өзбекстанда бар.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
Дәл қазір дәстүрлі БАҚ, соның ішінде газет-журналдардың тағдыры елімізге, еліміздің зиялыларына, интеллектуалдық күшіне қатысты болып отыр. Бүгінгі күннің интеллектуалдық деңгейіне газет қай жағынан көмектесе алады? Дамытуға, байытуға, жетілдіруге, жастар да қатысып отыр. Қазіргі жас буынның оқырмандық қабілетін, оқушылық қабілетін көтеру деген ол бәрімізге де ортақ міндет болып отыр.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04