Тасқыннан кейін үй салуға бөлінген қаражаттың 300 млн теңгесі ұрланған
2021 жылы болған су тасқыны кезінде Атбасардағы 200 отбасын көшіру үшін 100 пәтерлі екі үйді салуға бөлінген қаражаттың 300 млн теңгесі қолды болған. Ақмола облысының прокуратурысы күдікке ілінген аудан әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі мен «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» компанияларының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған. Іс қылмыстық кодекстің аса ірі көлемдегі қаржыны жымқыру, талан-таражға салу бабымен сараланды. Күдік расталса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұсталса, серіктесі үйқамаққа алынған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04