Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінді
Түнгі сағат он екіге таяу Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 257 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.
Дүмпудің күші Алматы және Сарқанд, Талдықорғанда 2 балл, ал Жаркентте 4 балл болған. Шонжы мен Текеліде 3 балдың шамасында тіркелді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.
Айта кетсек, соңғы рет 5-ші қараша күні Алматыдан 33 шақырым жерде 2 балдық жер сілкінген еді. Ол кезде негізгі ошақ Талғар мен Есік қалаларына жақын болған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04