Франция фермерлері шеруін жалғастыруда
Францияның батысындағы Лимож қаласында фермерлер шеруі жалғасып жатыр. Олар жергілікті үкімет үйінің алдына қи төгіп, шөп өртеген. Осылайша демонстранттар Еуропа одағы мен Оңтүстік Американың «Меркосур» ұйымы арасында жасалуы мүмкін сауда келісіміне наразылық білдірді.
Айтуларынша, бұл құжат жыл соңында қабылданатын болса, Аргентинадан, Бразилиядан тауық пен сиыр еті, қант пен жүгері көптеп импортталып, еуропалық фермерлер өндірген өнім арзандап кетпек. Кәсіподақтардың ескертуінше, Францияда фермерлер шеруі желтоқсанға дейін жалғасады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04